Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Ақжайықпен» болған ойын (0:1) жайлы пікір білдірді:
– Біздің басымыздан өтіп жатқан жағдайды ешкімге тілемес едім. Мен бас бапкер ретінде бұған қатысты дұрыс қорытынды жасап, жағдайды түзетуім керек.
Соңғы бес матчтың барлығында да біз қарсыластарымызға қарағанда жеңіске жақын болдық, бірақ футболда ғана емес, өмірде де осындай жағдайлар болып тұрады. Гол соғу қажет, алайда ол біздің қолымыздан келер емес.
Командаға қанша ашулы болсам да, мен олардың дирижерімін және оркестрді мен басқарамын. Мені кінәлаңыздар, бірақ соңғы 2,5 жыл бойы біздің талаптарды бұлжытпай орындап келе жатқан футболшыларыма тіл тигізуге жол бере алмаймын.
Біз еңсемізді түсірмей, аяғына дейін күресетін боламыз!
Біздің серіктес: FONBET