"Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский команда қорғаушысы Нұралы Әліптің жағдайы, Бауыржан Исламханмен кездесуі және чемпиондық үшін күрес туралы айтып берді. Ол сонымен қатар Мәскеулік "Динамоның" қызығушылығы туралы пікір білдірді.
- Алексей Николаевич, Нұралы Әліптің COVID-19 үшін тапсырған сынағы оң нәтиже берді. Бұл "Қайрат" үшін орны толмас шығын ба?
- Біздің команда және ұлттық құрама үшін бұл жағымсыз жаңалық, өйткені Нұралы негізгі орталық қорғаушы. Барлығы тез және симптомсыз өтеді деп үміттенемін. Өкінішке орай, бұл жаһандық жағдай, екінші толқын Еуропада басталып та кетті, енді біз ойыншыларға және жеке құрамға мұқият болуымыз керек.
- Менің түсінуімше, Әліп енді 14 күндік карантинге кетеді?
- Ия, ол екі бірдей теріс сынақтан өткенге дейін карантинде болады.
- Байқауымша, Сіз Исламханмен сөйлестіңіз. Егер құпия болмаса, не туралы әңгімелестіңіз?
- Мен оның жарақат алғанын білемін, біріншіден - денсаулығы туралы сұрадым. Одан бөлек, өзінің жаңа командасы, чемпионат туралы, жанұясы туралы сұрадым - ең бастысы осы емес пе, және, әрине, мен оған сәттілік тіледім.
- Әрине, көп адамдар Сізді чемпиондықпен құттықтап жатыр. Сіздің ойыңызша жарыс аяқталды ма?
- Жоқ, жарыс енді басталып жатыр, біз сегіз матчтың барлығында жеңіске жеткіміз келеді, бізде осындай көзқарас бар. Мен жігіттерге айтқанмын: "Оқжетпес" пен "Шахтерға" қарсы матчтарда жолдан адастық - біз бұл қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Жігіттердің көңіл-күйін көріп отырмын, біз өз артықшылығымызды жоғалтпауға дайынбыз.
- "Астанаға" қарсы кездесу соншалықты біркелкі және Сіздің командаңыз үшін айқын басымдықпен өтеді деп күттіңіз бе?
- Бұл жігіттердің еңбегі, біз өз келбетімізді көрсеттік. Мен олардың не істей алатынын білдім. Мүмкін бұл сіз үшін күтпеген нәрсе шығар, бірақ мен өзімнің жігіттерімнің мүмкіндіктерін білемін - олар мұны дәлелдеді.
- Егер "Қайратта" позициялық шабуылда қиындықтар туындады десе, Сіз қалай қарайсыз?
- Мұны кім айтады?
- Сарапшылар.
- Мен жағдайдың мән-жайын ашып айтқым келмейді, әркімнің өз пікірі бар. Біз немен жұмыс жасау керектігін білеміз, мен өзім жігіттер үшін өте қуаныштымын, олар Қазақстандағы заманауи футболды көрсетуде, оны ешкім көрмеген. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз.
- Мәскеулік "Динамоның" Сізге деген қызығушылығы бар екені хабарланды. Менің білуімше, олар Сіз туралы ақпарат жинаған, бұл жаңалықты қалай қабылдайсыз?
- Егер олар баспасөзде жазатын болса, онда бұл шындық. Бірақ менің "Қайратпен" келісімшартым бар, мен мұнда қуаныштымын, біз чемпионатқа дайындалып жатырмыз. Мұндай жағдайда кейбір қауесеттерге түсініктеме беру дұрыс емес.
Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" 12 матчтан кейін 29 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде көш бастап келеді. Екінші орында тұрған "Астана" алматылық ұжымнан сегіз ұпай артта қалып келеді.
Біздің серіктес: FONBET