Алматылық “Қайрат” ресми сайтында германиялық ойыншы Штрели Мамбаның клуб қатарын толықтырғанын хабарлады.
Мамба мен оңтүстік астаналықтар арасындағы келісімшарт екі жылға жарамды.
26 жасар форвардтың соңғы клубы екінші Бундеслигада өнер көрсететін “Падерборн” командасы. Мамба 2019/2020 жылғы маусымда Бундеслигада “Падерборн” жейдесінде 24 ойын өткізіп, бес мәрте қақпа торын тулатса, екі нәтижелі пас берген. Ал жалпы кәсіби мансабында 199 матчқа қатысып, 65 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.
Біздің серіктес: FONBET