Шухратбек Жураев: “Бүгін Қазақ футболының тарихы алтын әріппен жазылуы мүмкін. Өйткені, біздің көршілерімізде Еуропа чемпионатына шығуға тамаша мүмкіндік ашылып отыр”

21.11.2023, 05:49
Sports.uz сайтының тілшісі және «Андижан» футбол клубының баспасөз хатшысы Шухратбек Жураев Ұлттық құрамамызға сәттілік тілеп, өз пікірін білдірді.

“Жалпы өз басым қазақ футболы мен сіздің құрамаңызды әрдайым бақылап жүремін. Өткен жылы мен Магомед Мұсаұлы Әдиевтен сұхбат алған кезде ол маған жақсы әсер қалдырды. Сондай-ақ іріктеу турнирінен бөлек, Қазақстан Ұлттық құрамасын кейін де жоғары деңгейге көтеретіні сөзсіз. Енді Қазақстан құрамасы аутсайдер емес, кез келген құрама үшін әбден лайықты қарсылас. 

Әрине, бұл деңгейге жету оңай емес. Словенияға қарсы ең маңызды кездесудің алдында сіздің командаңызға сәттілік тілеймін!  Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаттарының тарихында тұңғыш рет бақытты құрамалар қатарында болады деп сенемін.

Айтпақшы, 21 қараша күні Өзбекстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясынд өз алаңында Иранды қабылдайды. Тәшкенде өтетін маңызды ойында жеңіспен қуантады деген сенімдемін. Қазақстан және Өзбекстан құрамаларына сәттілік серік болсын дегім келеді. Барлығы жақсы болсын!”.