Шушеначев командасы Израиль кубогының финалында жеңілді

Тель-Авив қаласында өткен Израиль кубогының финалында “Маккаби" Петах-Тиква мен "Хапоэль" Беэр-Шева клубтары кездесті.

“Блумфилд” стадионында өткен ойын “Маккаби” ұжымының 1:0 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 86 минутта Мохаммед Хинди соқты.

Шушеначев финалдық матчқа 67 минуттан бастап араласты. Алайда отандасымыздан нәтижелі әрекетті көре алмадық.

Израиль Кубогынде топ жарған “Маккаби” келесі маусымда Еуропа Лигасында өнер көрсетеді. Ал шешуші ойында сәттілік жетіспеген “Хапоэль” чемпионатта үшінші орын алғаны үшін Конференция лигасында бақ сынап көрмек.

Еске салайық, Артур Шушеначев израильдік клубта осы жылдың аөпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. 

Материалда: