Шушеначевтің жалақысы белгілі

19.02.2024, 15:15

Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев "Хапоэль Беэр-Шева" командасында 23 мың еуро алады. 

Алым-салығы бар таза 8 миллион теңге ғой. Айта кетейік, Израильдік клуб Артурды "Қайраттан" 500 мың еуроға сатып алған болатын. Қазақстандық сұрмерген жаңа командасының қатарында екі матчқа қатысып, көзге түсіп үлгерді. Өткен демалыста жерлесіміз "Маккаби Петах-Тиквамен" өткен ойында гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды.