Швейцария пенальти сериясында Испанияға есе жіберді

03.07.2021, 05:36
Францияға қарсы матчта бес пенальтиді де голға айналдырған швейцариялықтар бұл жолы бір ғана голмен шектелді.

Бүгін, 2 шілдеде Швейцария құрамасы Испания құрамасымен кездесті. 2020 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалдық ойыны Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтті. Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында "қызыл фурияның" бағы жанды - 3:1.

Матчтағы алғашқы голды 8-минутта Испания құрамасы соқты. Жорди Альбаның алыстан бағыттаған соққысы Денис Закарияға тиіп, Ян Зоммер тұрған қақпаның торында тулады. 58-минутта Швейцария құрамасы есепті теңестіріп, интриганы жандандырды, гол авторы - Шердан Шакири. 77-минутта Швейцарияның жартылай қорғаушысы Ремо Фрейлер қызыл қағаз алды. Матчтың негізгі уақыты тең ойынмен аяқталды, ойын қосымша уақытқа ұласты.

Кездесудің қосымша уақытында гол соғылған жоқ. Пенальти сериясында Швецарияның үш ойыншысы гол соға алмады. Ал Испания сапында екі ойыншысы бұл мүмкіндікті мүлт жіберді. Қорытынды есеп - 1:3.

Осылайша, Испания құрамасы Еуро-2020 турнирінің жартылай финалында Бельгия - Италия жұбының жеңімпазымен ойнайды.