"Немістер 95-ші минутта соғылған голды өте шулы түрде тойлап әдепсіздік танытты. Мен олардың мұндай әрекеттерін көріп қатты ашуландым. Әдетте, ойын аяқталғанда біз жай ғана қол алмасып тараймыз. Ал олар болса біздің көзімізше секіріп тойлап жатты", -деп өз ренішін білдірді бапкер.
Айта кетейік, екі құрама арасындағы ойын 2:1 болып, Германия жеңісімен аяқталды. Неміс құрамасына жеңісті 95-ші минутта гол соққан Тони Кроос алып берді.
Топтық кезеңнің соңғы айналымында Швеция Мексикамен кездессе, Германия құрамасы Оңтүстік Корея мен ойын өткізеді.Бұл топтан келесі кезеңге нақты кім шығатыны белгісіз болып отыр.
nur.kz
Біздің серіктес: FONBET