Жарнама
Жарнама

Шымкент билігі футболға 1,8 миллиард теңге бөлмек

Бүгін, 14:39

Шымкент қаласының шенеуніктері “Ордабасы” футбол клубы жеке қолға өткеніне қарамастан, футболды қолдау үшін мемлекет қазынасынан шамамен 1,8 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

КазТАГ агенттігінің хабарлауынша тапсырыс беруші — “Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы” мемлекеттік мекемесі. Сатып алудың мақсаты ретінде футбол командаларының 2026 жылғы маусымға дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ететін спорттық клубтардың қызметі көрсетілген.

– Жалпы сома: 1 864 224 138 теңге.

– Өтінім қабылдау мерзімі: 20-27 ақпан аралығы.

Ерекше атап өтетін жайт, бұл конкурс 17 ақпан күні жарияланған. Дәл осының алдында ғана “Ордабасы” клубының жекеменшікке өткені белгілі болған еді. Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Ғабит Сыздыбеков пен Integra Construction KZ ЖШС басшылығы тиісті келісімге қол қойған болатын.

Бұл қаражаттың нақты қай командаларға немесе клубтың қай бағыттарына (мысалы, академия немесе жастар құрамы) жұмсалатыны әзірге нақтыланбаған. Дегенмен, қала билігі кәсіби футболды мемлекеттік қолдаусыз қалдырмауды жөн көрген сияқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров