Шым шаһарының Өңірлік Коммуникациялар қызметінде әкімдік қызметкерімен кездесу өтті.
Бас қосу барысында жергілікті журналистің бірі Ордабасы Кубокте жеңілсе, онда Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков клуб басшысы Асхат Сейсембекті қызметінен босатады деген нақты ақпараттын барын алға тартты. Алайда финалдық кездесуден кецін бірнеше күн өтсе де, Асхат Сейсембек әлі де өз орнында жұмыс жасап жүр екен. Әкімнің уәдесін іске асқанын күткен журналист команда басшысы қызметінен кетпей “Ордабасының” жағдайы мүшкіл бола беретінін ашынып айтты.
Өз кезегінде брифингтің спикері, әкімшілік қызметкері бұл мәселе бойынша жұмыстар жасалып жатқанын тілге тиек етті. Былайша айтқанда, жақын аралықта Асхат Сейсембектің орнына ешкім келмейтіні жайында жылы ғана жауап қатты.
"Ордабасы" командасы биыл ешқандай жүлделі орынға іліге алмады. Оның үстіне жаңа маусымда еурокубоксіз қалғаны тағы бар. Оңтүстік ұжымның бұндай дәрежеге түсіп қалуы клуб тарихында алғаш рет тіркеліп отыр.
Біздің серіктес: FONBET