Жарнама
Жарнама

Шымкентті Шейхтармен шатастырды ма? – “Ордабасы” әлем чемпионына бас тартты

Бүгін, 15:01

Клуб тізгінін ұстауы мүмкін делінген аты аңызға айналған Француз маманы, 1998 жылғы әлем чемпионы Патрик Виейрамен келіссөздер тығырыққа тірелді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

AmanVIBE телеграм арнасының мәліметінше тараптардың ортақ тіл табыса алмауына басты себеп — қаржы мәселесі.

Француз маманының өкілдері Шымкенттік клубтан қомақты жалақы талап еткен көрінеді. Дереккөздің хабарлауынша, Виейраның бір жылдық қызметі үшін сұралған сома бір миллиард теңгеге жуықтаған. Мұндай астрономиялық көрсеткіш Қазақстандық футбол нарығы үшін өте жоғары болып саналады.

"Ордабасының” жаңа басшылығы бұл соманы төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан. Клуб тарапы ұсынған жалақы мөлшері Француз маманының сұрағанынан үш есе төмен болған. Қаржылық жағдай мен клубтың ішкі бюджетін ескерген басшылық аңыз бапкердің амбициясын қанағаттандыруды тиімсіз деп тауып отыр.

Патрик Виейра — Франция футболының аңызы, тарихтағы ең мықты орталық жартылай қорғаушылардың бірі.

Ол "Арсеналдың" бұрынғы капитаны, клубпен 3 рет Премьер лига чемпионы атанды және 2003/04 маусымындағы жеңілмеген "Invincibles” құрамының көшбасшысы болды. Франция құрамасымен 1998 жылғы Әлем чемпионатын және 2000 жылғы Еуропа чемпионатын жеңді.

“Арсеналдан” бөлек “Канн”, “АС Милан”, “Ювентус”, “Интер Милан” және “Манчестер Сити” командаларының намысын қорғады.

Бапкер ретінде жұмыс істеген соңғы клубы — "Дженоа", ол жерден 2025 жылдың қарашасында кеткен болатын. Одан бөлек "Нью-Йорк Сити”, “Ницца”, “Кристал Палас” және “Страсбур” ұжымдарын баптады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров