"БИИК-Шымкент" командасы УЕФА Еуропа кубогына қатысу құқығына ие болды.
Шымкенттің "БИИК" әйелдер клубы жаңа құрылған УЕФА турнирі Еуропа кубогының алғашқы іріктеу кезеңіне өтті. УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі үшінші орын үшін ойында Қазақстандық команда Словактың "Спартак Миявасын” 2:1 есебімен жеңді.
Бұл жеңіс "БИИКке" Еуропалық додада жолын жалғастыруға мүмкіндік берді. Енді команда Еуропа кубогының алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Алғашқы матч 10–11 қыркүйекте өтеді, ал қарымта кездесу 17–18 қыркүйекке жоспарланған. Қарсылас команда 31 тамызда өтетін жеребе нәтижесінде белгілі болады.
Біздің серіктес: FONBET