Жарнама
Жарнама

Шындық белгілі болды – Валерий Громыконың “Қайраттан” кетуінің себебі неде? Уразбахтинмен араздасқаны рас па?

24.03.2026, 13:56

Қазіргі таңда "МЛ Витебск" намысын қорғап жүрген "Қайраттың" бұрыңғы ойыншысы Валерий Громыко мансабындағы жаңа белес, трансферлік ұсыныстар және Қазақстандық БАҚ-та тараған қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Sport5.by сайтына берген сұхбатында Громыконың айтуынша, клубпен арада ешқандай түсініспеушілік болмаған. Алматылық ұжым футболшымен келісімшартты ұзартуды қалағанмен, тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған.

"Келісімшартты ұзарту туралы келіссөздерді әлі оқу-жаттығу жиындары кезінде бастағанбыз, бірақ, былайша айтқанда, келісе алмадық. Мен клуб үшін барымды салдым. Біз жақсы қарым-қатынаста қоштастық, әлі де байланыстамыз.” — дейді футболшы.

Сондай-ақ, Валерий бас бапкер Рафаэль Уразбахтинмен арада "жанжал болды” деген ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарды:

"Бұл — Қазақстандық БАҚ-тың кезекті жалған ақпараты. Біздің қарым-қатынасымыз әрқашан жақсы болды. Ол — өте сабырлы, ешкіммен жанжалдаспайтын адам."

Футболшының алдында Түркия Суперлигасынан, Қытайдан және Словакиядан нақты ұсыныстар болған. Алайда ол отанына оралуды жөн көрген. Оның бұл таңдауына бірнеше фактор әсер еткен көрінеді.

Громыко Түрік клубтарындағы қаржылық тұрақсыздық пен келісімшарттағы сома мен нақты төлемнің сәйкес келмеуі секілді мәселелерден сескенген.

Ал Қытай, ол үшін жаңа ортаға бейімделудің қиындығы, тілдік кедергі және ұзақ жол кедергі болған.

"МЛ Витебскні” таңдауы клубтың Еурокубоктарға қатысуы және басшылықпен тез тіл табысуы Громыконың шешіміне оң әсер еткен.

Громыко "Қайраттан" кетуіне ішінара қаржылық мәселенің де әсер еткенін жасырмады. Дегенмен ол Алматыда өткізген уақытына риза екенін және болашақта жолдары қайта түйісуі мүмкін екенін атап өтті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров