Жарнама
Жарнама

Сидельников емес Цирин

06.10.2011, 06:27
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрама командасында тағы да қақпашылар мәселесі бас ауыртып тұр. Келе жатқан екі ойынның алдында негізгі қақпашымыз кім болмақ деген ойға батып отырмын.

Осы мақалаға дейін Бельгия құрамасының "Астана-Аренада" салған 2 голын көріп Андрей Сидельниковтен көңілің қалады. Жалпы ресейден келген қақпашының өнері дәл өзіме ешқашан ұнаған да емес еді. Ортаңқол.

Әттең Лория жоқ! Кезінде жастар құрамасында ойнап жүрген кезіндегі оның ойындарын көріп таңқалушы едім. Жапония, Аргентина секілді қарсыластармен кездескенде Фомичьев командасын Давид көп жағдайда сақтап қалушы еді ғой. Жарақатына байланысты бұл жігіт Бельгияға қарсы тұра алмайды.

Енді кім бар...Логиновский, жас тәжірибесіз қақпашы. Бірақ, жақсы бапкер. Бірлі-жарым мамандар осы жігітті бөлек атап өткенді де естігем. Биыл "Жетісуда" көп гол жіберіп жүрген ұжым емес. Әзірге ұлттық құрама сапына алынғанымен жауапты кездесулерде нық тұрып береді деп айта алман. Менің өзім осылай дегеннен соң, Мирослав ағам да нар тәуекелге бара қоюы екіталай. Сонымен екі кандидат қалды.

Сидельников жайлы айтылған жоғарыдағы әңгіме ол тек менің ғана ойым. Жиі қателікке бой алдырады. Толықтай өзіне сенімді емес. "Ақтөбе" қақпасында тұрып жүріп те небір "қызықты" жасаған қақпашы.

Біз ешқашан да бапкердің құрамаға кімді алатынына араласа алмаймыз. Ол заң. Өйткені сол құрамаға жауап беретін де сол кісі. Пайперс айтпақшы: "Бұл команданы мен жасадым және оған мен жауап беремін" дегендей. Көп кісілер ананы неге алмайды, мынаны неге алмайды деп жатады. Одан сіз солай айттыңыз деп құрамаға ешкімді де оңайдан оңай ала қоймайды.

Қазақстанда соңғы кезде байқап жүрсек жақсы қақпашылар азайып кеткен секілді. Бұрындары берік деген 2-3 кандидат болатын. Ан енді қосалқы тұрмақ негізгінің өзін таппай отырмыз.

"Жетісу" қақпашысы Логиновский биылғы біріншілікте осы таңға дейін 22 гол жіберіпті (Премьер-лигадағы ең аз гол жіберген команда). Ал, "Ертіс" осыдан екі есе көп жіберген - 44.

Өткенде Сирияға қарсы жолдастық кездесуде Антон Цирин алаңға шықты. 2-таймның басында ауцысқан болатын. Гол жіберуін жіберді. Бірақ кейбір сәттерде өзін жақсы ұстады. Антонның жақсы қырларын мен "Ертістің" еурокубок жолындағы матчтардан да көрген болатынмын. Сырт алаңда "Ягелонияға" қарсы ойында да, грузиялық "Олимпиге" қарсы ойында да Антон ешқандай қателік жіберген жоқ.

Бельгияға қарсы ойында кім тұратыны бізге беймәлім. Бәрін Беранек біледі. Әйтеуір, 2006-жылы "Констант Ванден Сток" стадионында өткен ойында Лория қақпамызға гол жібермеген болатын. Дәстүрді жалғастырсақ жөн болар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров