Қостанайдың "Тобылы" Премьер лиганың 24-турында өз алаңында Қызылордалық "Қайсарды" қабылдап, жеңіске жетті.
Матчта қос команданың да шабуылы өткір болғанымен, қақпашылар сенімді ойнап, есеп ұзақ уақыт ашылмады. Негізгі уақыттың соңына қосылған минуттарда "Тобылдың” тәжірибелі шабуылшысы Николай Сигневич мергендігімен көзге түсіп, 90+6 минутта жеңіс голын соқты.
Осылайша, Қостанайлықтар маңызды үш ұпайға қол жеткізіп, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты. Ал "Қайсар" соңғы секундтарда кеткен гол үшін өкініште қалып отыр.
Біздің серіктес: FONBET