“Силькеборг” Рамазан Оразовсыз жеңіліс тапты

“Силькеборг” командасы Дания Суперлигасының 7-турында “Мидтьюланн” командасынан 1:3 есебімен жеңілді.

Дания Суперлига, 7-тур

“Силькеборг” 1:3 “Мидтьюланн”

Голдар: Осорио 4’, Адамсен 29’, Франкулино 44’, Усман Диао 77’

“Мидтьюланн” ойыншысы Дарио Осорио матчта дубль авторы атанған болатын. Алайда екінші мүмкіндігінде чилилік офсайдта қалып қойған екен.

Айта кету керек “Силькеборгтың” жалғыз голын соққан Тони Адамсен бүгінгі ойынға дейін қатарынан үш кездесуде дубль жасады.

Отандасымыз Рамазан Оразов бұл ойынға бапкер Нильсеннің шешімімен қосалқы құрамда қалды.