Сильва «Ситиден» кеткісі келеді

03.01.2023, 23:29


"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Бернарду Сильва жақын арада команда ауыстыруы мүмкін.


"Маусым айында көре жатармыз. Қазір менің бар зейінім "Манчестерде". Бұл командадағы келісімшартым 31-жасқа толғанда аяқталады. Жасырып қайтем, басқа командаға кететін ойым жоқ емес".


Португалдық "Манчестер Ситиге" 2017 жылдың жазында келген еді. Ол осы маусымда қалалықтар үшін 24 ойын өткізіп, 2 гол мен 9 голдық пас берген болатын.