Симеоне «Атлетиконың» тізгінін 2020 жылға дейін ұстайды
25.03.2015, 00:03
Жарнама
Жарнама
Мадридтік «Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеоне командамен келісім-шартын созды. Енді Диего бапкер клубты 2020 жылға дейін жаттықтырады.
Бұл туралы испаниялық AS басылымы хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, былтыр Симеоненің қол астында «Атлетико» Испания чемпионатын жеңген болатын. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті.