Жарнама
Жарнама

Симо Валакари: «Біз батыл болып, өз футболымызды ойнауымыз керек»

12.08.2021, 15:31
КуПС-тың бас бапкері бүгін жеңіске жететініне сенімді болып отыр.
Жарнама
Жарнама

КуПС командасының бас бапкері Симо Влакари "Астанамен" болатын матч жайлы өз ойын ортаға салды:

- Финляндияда өткен бірінші ойын өте қызықты болды: екі команда да бір-бірін зерттеді. Әрине, "Астана" - бұл жақсы ойыншылардан жасақталған өте білікті команда және біздің командада да жақсы ойыншылар жеткілікті. Алғашқы ойын ауыр болды, менің ойымша ертең де солай болады. Мен ертең біздің команданың гол соғатынына сенемін.

- Алғашқы ойында "Астана" соңғы секундтарда жеңіске жетті. Мұндай нәтижеден кейін ес жию қаншалықты қиын болды?

- Бұл қиын болған жоқ. 90 минут ішінде көп нәрсе болуы мүмкін. Бұл футболдың бір бөлігі, соңғы секундтарда да гол соғылып жатады. "Ворсклаға" қарсы матчта біз соңғы минуттарда гол соқтық, енді дәл осындай жағдай "Астанамен" болған ойында қайталанды және қарсылас команда осыдан қосымша энергия алды. Бірақ бізде тәжірибе жеткілікті және біз ертең не істеу керектігін білеміз.

- Бірнеше күн бұрын сіз Финляндия чемпионатында тең ойнадыңыз, оо кезде де команда басымдықты сақтай алмады. Сіз бұған қалай қарайсыз?

- Біздің қорғанысымыз мықты, бірақ егер сіз өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланбасаңыз, қарсылас сізге жауап береді. Мұндай жағдай "Астанаға" қарсы матчта және біздің чемпионатта да болды. Бұл мәселе емес. Бірақ алдағы қонақтағы ойында біз жоғары деңгейде қорғануымыз керек.

- Командаңыздың мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз? Сіздер ұзақ уақыт бойы ұшып келдіңіздер және "Астана Арена" жасанды төсенішпен жабдықталған.

- Біздің алаң да жасанды төсеніш болғандықтан, бұл біз үшін үлкен мәселе болмайды. Ұзақ уақыт ұшқанымыз рас. Қазақстан Финляндиядан алыс орналасқан. Бірақ, әрине, біз шындыққа тура көзбен қараймыз. Біз мұнда өте үлкен командалардың ойнағанын білеміз, олар "Астанаға" ұтылып жатты. Бұл өте күшті команда, әсіресе өз алаңында. Бірақ біз қорықпаймыз, біз батыл болуымыз керек және өз футболымызды ойнауымыз керек, бұл біздің мақсатымыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров