КуПС командасының бас бапкері Симо Валакари Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Астанаға" қарсы өткен қарымта ойын (4:3, жалпы есеп - 5:4) туралы пікір білдірді:
- Тамаша нәтиже. Айта кету керек, біздің ойыншылар керемет ойнады: олар өз үйінде жақсы ойнайтын өте мықты командаға қарсы тұрды. Алғашқы таймда 0:2 есебімен жеңілдік, бірақ біздің ойыншылар ешқашан өздеріне күмәнданбады. Бізде мықты мінез бар және екі ойыннан кейін біз келесі кезеңге өтуге лайық болдық.
- Хет-трик жасаған Рангел ойынға қосалқы құрамнан шықты. Неліктен негізгі құрамға енбеді?
- Бізде керемет ойыншылар көп, бірақ негізгі құрамда тек 11 ойыншы ойнай алады. Мен әрқашан ойынды күшейтетін нұсқалаидың бар екенін білетінмін.
- Бұл матчта ХИК үшін кек алдық деп айта аласыз ба?
- Иә, біз бұл ойын туралы білдік, бірақ біз басқа командамыз.
- Сіз команданың екінші таймда еш қиналмай жеңіске жеткеніне таң қалдыңыз ба?
- Біз екінші таймда "Астананың" көбірек қорғаныста ойнайтынын білдік және біз шабуылдаушы ойыншыларды алға қойдық. Бұл тактикамыз жұмыс істеді.
- Келесі қарсылас - "Унион" туралы не айта аласыз?
- Біз плей-офф кезеңіне шығуға лайықпыз. Біз Бундеслиганың командасымен ойнаймыз, бірақ футболда бәрі мүмкін. Бұрынғыдай ойнауды жалғастырамыз.
- Жаңбыр мен жасанды төсеніш сізді алаңдатты ма?
- Жоқ, бәрі жақсы болды. Доп тез қозғалды, біз осындай жағдайларға үйреніп қалдық.
Біздің серіктес: FONBET