Жарнама
Жарнама

Симон Миньоле 5 жылдан кейін ерекше көрсеткішті қайталады

21.02.2020, 19:04
Жарнама
Жарнама

"Брюгге" қақпашысы Симон Миньоле Еуропа лигасының 1/16 кезеңінде "Манчестер Юнайтедпен" болған ойынның 15-минутында Эммануэль Бонавентуре Денниске нәтижелі пас беріп, осыдан 5 жыл бұрынғы Гильерменің жетістігін қайталады. Алғашқы ойын 1:1 аяқталды.

Opta порталының мәліметінше, бельгиялық футболшы Еуропа лигасында 2015 жылдан бері нәтижелі пас берген алғашқы қақпашы атанып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ресейлік қақпашы (шыққан тегі Бразилия) «Локомотив» пен «Спортинг» (3:1) арасындағы матчта сенегалдық Бай Умар Ньяссиге пас берген еді.

Айта кетейік, "Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасында L тобында "Астанамен" бір топта болған. Елорда ұжымы түзде ұтылып қалғанымен (1:0), өз алаңында камбэк жасап (2:1) жеңісті жұлып алған еді.

Енді "Брюгге" мен "МЮ" арасындағы жауапты ойын 28 ақпанда өтеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров