Жарнама
Жарнама

"Сити" кубоктан қағылды

27.01.2012, 07:22
Жарнама
Жарнама
Жартылай финалдың екінші жұбын құраған “Ливерпуль” мен “Манчестер Сити” финалға бергісіз тартысты ойын көрсетті. Алғашқы мачта жалғыз доппен жеңіске жеткен “Ливерпуль” “Энфилдтта” манчестерліктерді жерге қаратты. Пример лиганың көшін батап тұрған манкуняндықтар биылғы маусымдағы алғашқы кубоктан қағылды. Кездесуді ширақ бастаған алаң иелері қарсы қақпа алдында бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен есепті қонақтар ашты. Давид Сильвадан пас алған Де Йонг 31-минутта айып алаңның сыртынан қақпаның жоғарғы бұрышын дәл көздеді. Алайда “Ливерпуль” жауапты ұзақ күттірмеді. Қақпа алдындағы қарбаласта “Сити” қорғаушысы Ричердс допты қолмен тоқтатып, командасын қиын жағдайда қалдырды. Көп ойланбаған төреші бірден пенальти белгіді. Нүктеге жақындаған Стивен Джерард 11 мертлікті мүлтіксіз орындап таразы басын теңестіріп кетті. Екінші таймның 67-минутында Эдин Джеко манкуняндықтарды алға шығарғанмен, араға 7 минут салып Крейк Беллами қортынды есеті орнатты. Енді “Ливерпуль” Англия лига кубогының финалында “Кристал Пэласпен” маусымдағы алғашқы кубокты сарапқа салады. Елдос Қамбалиев
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров