Жарнама
Жарнама

“Сити” сүрінді – “Арсенал” Премьер лиганы бағындырды

Бүгін, 08:32

Лондондық "Арсенал" 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ағылшын Премьер лигасының 2025/26 маусымының 37-турында “Манчестер Сити” қонақта “Борнмутпен” (1:1) тең ойнады. Бұл матч чемпиондықтың тағдырына тікелей әсер етіп, “Зеңбірекшілер” көптен күткен жүлдесіне қол жеткізді. 

Статистика не дейді?

– Макс Дауман Премьер лига тарихында чемпиондық атаққа қол жеткізген ең жас футболшы атанды.

– Микель Артета (44 жас 54 күн), Премьер лига тарихында бұл титулды жеңіп алған ең жас екінші бапкер болды, ол тек Жозе Моуриньодан ғана кейін тұр.

– 1930/31, 1932/33, 1933/34, 1934/35, 1937/38, 1947/48, 1952/53, 1970/71, 1988/89, 1990/91, 1997/98, 2001/02, 2003/04, 2025/26 — "Арсенал” өз тарихында 14-ші рет Англия чемпионы атанды.

– 1998/99 және 2000/01 жылдар аралығында "Арсенал” қатарынан үш маусым бойы 2-орын алып, кейін 2001/02 жылғы маусымда чемпион атанған еді. Дәл солай 2022/23 және 2024/25 жылдар аралығында да "Арсенал” қатарынан үш маусым бойы 2-орынға тұрақтап, осы маусымда чемпиондық таққа қол жеткізді.

– "Арсеналдың” Премьер лигадағы төрт чемпиондығының барлығы да әртүрлі жейде демеушісімен және әртүрлі күміс жүлдегерді басып озу арқылы тіркелді:

1997-98 — JVC демеушісі және "Манчестер Юнайтед” екінші орында

2001-02 — Sega/Dreamcast демеушісі және "Ливерпуль" екінші орында

2003-04 — O2 демеушісі және "Челси” екінші орында

2025-26 — Fly Emirates демеушісі және "Манчестер Сити” екінші орында

– Англияның жоғарғы дивизионында тек "Ливерпуль” мен "Манчестер Юнайтед” (20) қана "Арсеналдан" (14) көп чемпиондық жеңіп алған, сонымен қатар ешбір ұжым бұл тақты “Зеңбірекшілер” сияқты әртүрлі онжылдықтарда (8 түрлі онжылдықта) бағындыра алмаған.

– Өткен түн — соңғы төрт маусымда "Арсеналдың” Премьер лига кестесінде көш бастап тұрған 556-шы күні. Бұл осы уақыт аралығындағы кез келген басқа команданың көрсеткішінен 200 күннен астам уақытқа көп.

– "Арсеналдың” 2025/26 жылғы Премьер лигадағы көрсеткіштері:

• Ең көп құрғақ матч (19)

• Ең аз жіберілген гол (26)

• Ең төменгі жіберілген xG (27.32)

• Қарсыласқа берілген ең аз голдық мүмкіндік (48)

• Әр матчта өз қақпасына жіберілген ең аз соққы (8.2)

• Әр матчта қақпа тұсына бағытталған ең аз тура соққы (2.4)

• Қарсыластың өз айып алаңында допқа жанасуына берілген ең аз мүмкіндік (әр матчта 16.1)

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров