Жарнама
Жарнама

Скандинавтар - Италия құрамасының бас ауруына айналды

Скандинав түбегінің елдері скуадра-адзурра құрамасын маңызды турнирлерден шеттетіп келеді.

Жарнама
Жарнама

Кеше Италия әлем чемпионаты іріктеуінің соңғы турында Эрлинг Холанд бастаған Норвегиядан 1:3 есебімен жеңілді. Сол арқылы  Дженнаро Гаттузо шәкірттері 2026 жылғы мундиальға тікелей шығу құқығынан айырылды. Бұндай жағдай Италия құрамасының басынан бірнеше рет өткен екен. Және бір қызығы оның барлығына скандинав елдері себеп болған екен.

Осыдан сегіз жыл бұрын Италия Швециядан жеңіліп қалып, Ресейдегі мундиальға бара алмай қалған еді. Аталған кездесуден кейін Джанлуиджи Буффон көзіне жас алып, ел құрамасымен қоштасқан болатын. Айтпақшы скуадра-адзурра шведтермен болған қос ойында қарсылас қақпасына 30-дан көп соққы жасады. Бірақ бір өкініштісі көздеген нәтижесін тіркей алмады.

2004 жылғы Еуро турнирінде С-тобында өнер көрсеткен Швеция мен Дания өздері арасында келісіп, топтық кезеңде тең ойнайды. Сол арқылы Италияның турнир кестесінде жоғары көтерілуіне кедергі жасайды. Нәтижесінде 1 ұпайдан бөлісіп алған Дания мен Швеция Еуродаданың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

1912 жылы финндер Италия құрамасын Олимпиада бәсекесінің 1/8 финалында 2:3 есебімен жеңіп, жарыстан шығарып тастады. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: