Сколари «Гремионың» бас бапкері атанды. Бразилия ұлттық құрамасының бұрыңғы бас бапкері Луис Фелипе Сколари ендігі таңда бразилиялық клуб «Гремионы» баптайтын болады.
Сколари 1987 жылы бір жылдай «Гремионың» тізгінің ұстаған болатын. Одан кейін 1993-1996 жылдар аралығында бас бапкердің қызметін атқарған Сколари осы жылдары Бразилия лигасын, кубогын және де сонымен қатар, Либертадос кубогын да «Гремиоға» алып берген еді.
2012-2014 жылдар аралығында Бразилияны баптаған бұл бапкердің өз жеріндегі Әлем чемпионатында жолы болмай, құрамаға 4–орынды ғана әпере алған. Жартылай финалда немістерден 7-1 болып жеңісле, қола медальға таласта Голландиядан 3-0 болып жеңілді.