Жарнама
Жарнама

Слободан Крчмаревич: "Командамен жұмыс жасауға дереу кірісемін"

08.05.2011, 04:39
Жарнама
Жарнама
Бүгін, Астанада Қазақстан жастар құрамасының жаңа аға жаттықтырушысымен пресс-конференция өтті. - Мен осында отырған барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Қазақстан – қызықты мемлекет және мен үшін жаттықтырушы карьерамдағы жаңа бастама, - деп бастады Слободан Крчмаревич.  - Мен сіздердің мемлекеттеріңіз жайлы көп естіп, Орталық Азиядағы қарқынды дамушы мемлекеттердің бірі екенін білетінмін. Көріп көзім жеткен соң барлығы мен ойлағандай болды. Экономика мен ел саясатының қарқынды дамуы әлеуметтік және спорттық инфроқұрылымының байланыса дамуын қахет етеді. Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауында берілген тапсырмаларын жан-жақты шешіп, нақты орындау керек екенін білемін. Ондағы бастысы халықтың денсаулығымен спорт ойындарының ерекше жоғары белестерден көрінуі орын алады. Азия ойындарының да сәтті өткені жайлы да көп оқыдым, бірақ осында Астанада өте жоғары тапсырмаларды қажет ететін олимпиядаға жарамды бірнеше топтарды байқадым. Өткен аптада жыл сайын өтетін «Қазақстан Республикасының президентінің кубогына» арналған турнир аяқталды. Мен бұл ойындарға бардым және тамашалағаныма қуанышты екенімді айта кетуім керек. «Президент кубогы» жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Алаң, жарық, дыбыс,қонақтарды орналастыру – бәрі тамаша. Осының барлығы – жастардың жарысы. Себебі, бәрімізге белгілі ғой тіпті Еуропа елдерінің өзінде жастардың футболы алдыңғы орынға қойып отыр. Қазір жастарымыздың басым көпшілігі дұрыс емес алаңдарда ойнайды, жағдай жасалмаған. Қазақстандағы спортты дамытуға қатысты мұндай фактілер жастардың спортқа деген көзқарастарын жақсартады және керекті инфрақұрылымдар – мінекей, осының барлығы мен үшін дұрыс қадам жасағанымның дәлелі, сонымен қатар осы мақсаттардың орындалуы үшін бар күшімді, тәжірбиемді салуға тырысамын. Жас құраманың қазіргі базаға сай Талғарда дайындалып жатқанын білемін, ол жерде жақсы аэро тренингі, ойын жұмыстары, күшті дайындық, теориялық сабақтар өткізіледі. Осы жерде менің тобымда ойнайтын 19-20 жастар арасындағы ойыншылар бар, сондықтанда мен тобыма үмітпен қараймын. Менің жастармен 2002-2003 жылдар аралығында жұмыс істеген жақсы тәжірбием бар. Сербия мен Черногория жастар командасын (U-18) жаттықтырдым. Ал 2007-2009 жылдар аралығында Сербия жастар (U-21) командасымен жұмыс істедім. Сондықтан да Қазақстандағы футболды жақсартуға үмітім зор. Жақында 2003 жылы Еуропада болатын жастар арасында өтетін чемпионаттың таңдау турына қатысамыз, сол үшін де бос уақытымыз жоқ. Алдымызда тағы да бір көздеген үлкен мақсат бар, ол стратегиялық мақсат – ұлттық команда сапына сапалы футболистерді даярлау. Жастар құрамасы – бұл жас футболистердің үлкендер қатарына өтіп, ауқымды футболға қадам басар кезі. Ары қарай журналистерден сауалдар қойылды: - Крчмаревич мырза, жуырда болатын циклге қатысты команданың алдына қандай мақсат қойылды? - Сіздер біле- білсеңіздер, біз өте мықты командалармен бір топқа түстік Франция, Румыня, Словакия мен Латвия командалары еш қандай да талғам қаламайды. Бұл құрамалардың әр-қайсысында талантты жас футболистер жыйналған. Негізгі қойылған мақсат топта үшінші орынға ие болу болатын. Бірақ, біз шамамыз жеткенше жоғары жетістік көрсетуге тырысатын боламыз. - ҚФФ Сіздің келісім-шартыңыз қаншалықты ұзаққа созылды, Федерация жағынан кім бұл келісім-шартты жасасты және неге Сіз Қазақстанды таңдадыңыз? - Мен келісім-шартты ҚФФ Бас хатшысы Саян Хамитжановпен жүргіздім. Ол ұзаққа созылмады. Мен Футбол федерациясындағы бұл басшының шеберлігін, нақтылығы мен мақсаттылығын бірден байқадым. Ал, Қазақстанды таңдаған себебімді айтар болсам, оны мен ендігі жаңағы сөзімде айтып кеттім. Егер қысқа түрде айтар болсам, онда бұл - амбиция сәйкестiгi, ғажайып инфрақұрылым және перспективаның бар болуы. - Сіздің келісім-шартыңыз қанша мерзімге жасалды? - Келісім-шарт Европа Чемпионатның іріктеу циклінің соңына шекті жасалды. - Сіз қазақстанның футболы, клубтары мен біздің құрамамыз жайлы не білетін едіңіз? - өткен европалық квалификациядағы ұлттық құрама сатысындағы матчтар есімде. Біөздің құрамамыз үйдегі ойында жеңіп, тысқарыдағысында жеңілген болатын. Еврокубоктарда сенімді түрде өнер көрсетіп жүрген «Ақтөбе» футбол клубын білем. Ұлттық құрамадағы бірнеше футболистерді де білем. - Футболистерді даярлауда Сіздің жеке «фирмалық» стиліңіз бар ма? - Иа, менің медоттарым немесе Сіз айтып тұрғандай «стилім» бар. Менің шәкірттерімнің ішінде – Зоран Тошин (ЦСКА Мәскеу), Миралем Сулеймани (Аякс Амстердам), Гойко Качар (Гамбург) бар. Менің ойымша, сіздер бұл футболистерді білетін боларсыздар!? - Аға жаттықтырушы міндетіндегі сiздiң жақын арадағы әрекетіңіз қандай? - Мен, ең алдымен астаналық «Локомотивтің» негізгі және дубьлдеуші құрамдағы матчтарын бақылап, одан соң Алматыға аттанып, «Қайрат» ойыншыларының қозғалысын бақылайтын боламын. Жуырда басталатын европалық квалификацияға орай, мен бұл ісімде барлық кандидаттарды қарап, олардың ішінен ең үздіктерін таңдайтын боламын. Тындырар іс көп.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров