Жарнама
Жарнама

Словакия бапкері: «Бұл жолы жеңіске жетуге тырысамыз»

13.06.2022, 01:31
Барлық ойыншымыз тас-түйін дайын дейді жаңа бапкер.
Жарнама
Жарнама

Словакия құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Самуэль Словак УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстанмен болатын матч туралы пікір білдірді:

- Словакия құрамасында жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Әрине, қысқа уақыт ішінде төрт ойын өткізу өте қиын. Дегенмен, барлық ойыншылардың кәсіби шеберлігі жоғары. Оларда белгілі режим бар. Барлық ойыншыларымыз бұл матчқа дайын.

- Ертеңгі ойынға арналған жоспарыңыз бар ма?

- Қазақстан – өте қызық команда. Олар қорғаныс арқылы көп ойнайды. Өткен ойында ұтылып қалдық, бұл жолы жеңіске жетуге тырысамыз.

- Жасанды төсеніш Қазақстан құрамасы үшін артықшылық бола ма?

- Әрине, бұл ертеңгі ойынның бір ерекшелігі болып саналады. Бірақ біздің футболшылар бұл төсенішке тез үйреніп кетеді деп ойлаймын. Бүгін-ертең осы көгалда жаттығамыз. Бұл туралы көп ойланудың қажеті жоқ. Мұны факт ретінде қабылдауымыз керек.

- Негізгі құрамнан кімдердің шығатынын анықтадыңыз ба?

- Бүгінгі жаттығудан кейін шешім қабылдаймын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров