Жарнама
Жарнама

Словакия құрамасы бас бапкерін қызметінен босатты

08.06.2022, 04:28
Бұл маман ұлттық құрамадғы соңғы матчында Қазақстаннан жеңілді.
Жарнама
Жарнама

Словакия футбол одағының Атқару комитеті ұлттық құраманың бас бапкері Штефан Тарковичті қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Оған Словакияның 2021 жылдың күзінен бері, әсіресе, Ресей және Хорватиямен іріктеу матчтарында көрсеткен көңіл көншітпейтін нәтижелері мен ойыны себеп болған.

Тарковичті жұмыстан босату туралы ұсынысты футбол одағының атқарушы президенті Ян Ковачик пен вице-президент Карол Беланик ұсынды. Атқару комитетінің мүшелері ұсынысты бірауыздан мақұлдап, шешім бірден қабылданды.

Таркович Словакия құрамасындағы соңғы матчында Қазақстаннан 0:1 есебімен жеңілді.

Словакия 10 маусымда Бакуде Әзербайжанмен және 13 маусымда Нұр-Сұлтанда Қазақстанмен кездеседі. Команданы бұл ойындарға Самуэль Словак пен Марек Минтал дайындайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров