Словакия құрамасының капитаны Милан Шкриньяр Ұлттар лигасының топтық кезеңінің төртінші Қазақстанмен болатын ойынға қатыса алмайды. Бұл туралы Словакия футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлайды.
Еске салайық, қорғаушы 6 маусымда Қазақстанға қарсы өткен ойынның (0:1) бірінші таймында жарақат алған болатын.
Шкриньяр алдағы бір ай шамасында алаңға шыға алмайды. Футболшы жұма күні емделу үшін Миланға аттанады.
Словакия құрамасы Шкриньярдың орнына даниялық «Норшелланн» клубының 21 жастағы қорғаушысы Иван Месикті шақырды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Словакия арасындағы матч 13 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET