Жарнама
Жарнама

“Слован” ішкі чемпионаттағы кездесуін кейінге қалдырды

Владимир Вайсс шәкірттерінің “Комарноға” қарсы 3-тур ойынының өтетін күні өзгертілді. 

Жарнама
Жарнама

Чемпиондар Лигасында Словакия атынан өнер көрсетіп жатқан Слован ел Федерациясынан ішкі чемпионаттағы кезекті кездесуін кейінге шегеруді сұраған екен. Ал өз кезегінде “Комарно” командасы мен Nike Liga басшылығы бұл ұсынысты қабылдады.

Осылайша, “Қайратпен” қарымта ойын арасында өтуі тиіс “Комарно” - “Слован” кездесуі 9 тамыздан 28 қазанға шегерілді. Бірақ еурокубок алдында Вайсс командасы ішкі чемпионатта “Подберезова” ұжымына қарсы ойын өткізеді. 

Аталған матчтан кейін “Слован” алматылық “Қайратпен” 6 және 12 тамызда кездеседі. Ортасындағы аралықта Братислава ұжымының футболшылары демалып, алатын мүмкіндігі болады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: