Жарнама
Жарнама

“Слован” – “Қайрат” матчы: 20 мың билет сатылды

12.08.2025, 14:00

Бүгін Словакия астанасы Братиславада Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында "Слован” мен “Қайрат” арасындағы қарымта ойын өтеді.

Жарнама
Жарнама

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ойынға 20000 билет сатылған. Ал стадионның сыйымдылығы 22 500 көрермен. Демек, трибуналарда әлі шамамен 2 500 бос орын бар.

Алматыда өткен алғашқы ойында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Жалғыз голды 90-минутта пенальтиден 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаев соққан еді. 

Бұл жұптың жеңімпазы плей-офф кезеңінде Шотландияның "Селтик” клубымен кездеседі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров