Қазақстан U-19 командасы Исландиядан келген өз қатарластарынан 4:1 есебімен жеңілді.
Турнир барысында 3 матч өткізіп, соның 2 жеңіп, 1 жеңілген командамыз үшін Slovenia Nations Cup турнирі аяқталды.
Еске салсақ, еліміздің Жастары бұл турнирдегі жорығын 3 қыркүйекте БАӘ құрамасына қарсы жеңісті кездесумен бастаған болатын (5:1).
Араға үш күн салып біздің жігіттер Шотландияны 1:2 есебімен жеңіп кішігірім сенсация жасады. Аталған кездесуде Исмаил Бекболат пен Азамат Тұяқбаев гол авторы атанды.
Алайда соңғы кездесуде Кирилл Кеккер баптайтын ұжым Исландиядан 4:1 есебімен ұтылды. Құрамадағы жалғыз голды Азамат Тұяқбаев өз есебіне жазды.
Айта кетейік, Қазақстан U-19 командасын алдағы қараша айында Еуро іріктеуінің 3 кездесуі күтіп тұр. Бірінші кезеңде жас футболшылар Ирландия, Нидерланды және Кипрлік құрдастарына қарсы ойнайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET