Жарнама
Жарнама

Словениялықтар өздеріне өте сенімді

12.10.2024, 11:08

Словения құрамасының қорғаушысы Юре Балковец ертең Қазақстанмен болатын ойында өз командасының жеңісіне сенімді.

Юре Балковец
Жарнама
Жарнама

Матч қарсаңында футболшы өзінің ойын ортаға салған болатын. 

«Бізге «Стожицеде» ойнау қаншалықты жеңіл болса, оларға да өз алаңында солай.Бірақ, білуімше ол жақта жасанды төсеніші жоқ және газонның сапасы жоғары дейді. Сондықтан, бұл жағынан қос команда үшін де жағдай бірдей деуге болады. Сонымен қатар, Аустриядан оларға да үйлеріне қайту керек. Ал сапа туралы айтсақ, ол жағынан бізде басымдық бар деп ойлаймын, сондықтан, жексенбіде жеңіске жетуге тырысамыз», - деді словениялық футболшы. 

Айта кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші турында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриядан 4:0-мен жеңілді. Енді ертең Алматыда Словениямен ойнайды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров