Снэйдер - Әлемнің үздік аяқдопшысы атануға әбден лайық!

21.11.2010, 21:45
Уэсли Снейдер (9 маусым, 1984 жыл Утрехт қаласында дүниеге келген) «Интер» және Нидерланды құрамасының талантты жартылайқорғаушысы.  2004 жыл Снейдер Йохана Кройфтың сыйлығын алған. «Аякс» футбол академиясының түлегі. «Аякс» және «Реал Мадрид» клубтарында өнер көрсеткен. 2009 жылы мадриддіктердің сапынан «Интерге» ауысады. «Интер» сапында өткізген алғашқы жылында-ақ Снейдер бірден үш чемпиондық атаққа қол жеткізеді. Олар: Италия чемпионаты, Италия кубогі және Чемпиондар Лигасы! Жетістіктері : Командаылқ; Нидерланды Чемпионы  (1): 2004 Нидерланды Суперкубогінің иегері  (3): 2002, 2005, 2006 Испания Чемаионы (1): 2008 Испания Суперкубогінің иегері (1): 2008 Италия Чемпионы (1): 2010 Италия Кубогінің иегері (1): 2010 УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (1): 2010 Ұлттық құрама; Европа Чемпионатының қола жүлдегері  2004 Әлем Чемпмонатының күміс жүлдегері 2010

«Аякс» – таланттар ұстаханасы

[caption id="" align="alignleft" width="281" caption="Снейдер отбасымен"][/caption] Уэсли Снейдер Утрехт қаласында дүниеге келсе де, ала даптың қыр-сырын амстредамдық «Аякстің» жастар футбол академиясында үйренген.  Уэслидің отбасы да футболға өте жақын адамдар. Оның әкесі әуесқой футболшы, үлкен ағасы Джеффри нидерландының екінші дивизионындағы «Стормвогелс Телстар» командасында ойнайды. Ал  кіші інісі де болашақта атақты футболшы болады деген сенімдеміз. Снейдер «Аякс» сапындағы алғашқы ойынын 2002 жылы желтоқсанның  22 күні «Эксельсиорға» қарсы өткізіп, оның командасы 2:0 есебімен жеңіске жетеді. Рональд Куман бастаған командаға Снейдер, жастар академиясының жаттықтырушысы Данни Блиндтің айтуы бойынша келген еді. Содан кейін Уэсли негізгі құрам орнын тасқа біткен қына секілді алып алды. Бойынын аласалығына қарамастан допқа жақсы таласа біледі және қос аяғына да ала допты керемет бағындырады. 2006/2007жылғы  Нидерланды чемпионатында  18 гол соғады. Снейдер голдарының басым көпшілігін айып доптарынан соққан. Ол тынымсыз еңбек етіп, футболшы ретінде біраз тәжірибе жинаған соң «Аякстан» кету керек екенін ұқты. Себебі, амстредамдық команда жүлде ұтудан құр қалып, УЕФА кубогінен де тыс қалған болатын.  Дәл сол сәтте Снейдерге мадридтік «Реал » қызығушылық танытқан болатын.

«Реал Мадрид»

2007 жылдың 12 тамыздың күні «Аякстің» жетекшілері 27 млн евро  Снейдерді «Реал Мадридқа» сатуға келісім береді. Уэсли Нидерланды футбол шежіресінде ең қымбат ойыншылардың ішішнен екінші болып орналысты. Одан бағалы ойыншы, атақты Рууд ван Нистелрой болатын. Ол 2001 жылы «ПСВ» сапынан 30 млн еуроға «МЮ» сапына аусқан. «Реал Мадрид» үшін өзінің алғашқы ресми кездесуінде «Атлетико Мадрид»  қақпасына жеңіс голын соққан. Ал «Вильярреалмен» өткен екінші ойынында екі гол соғып командасына жеңіс сыйлаған.

«Интер»

«Реал» жазғы трансферлік маусымда Криштиану Роналду мен Каканы алуға қомақты қаржы жұмсаған. «Корльдік клуб» сапына әлемнің үздік аяқ допшылары келген соң, мардидттік команда үшін Снейдер екінші орынға қалып, негізгі құрамға ілікпейтіні анық болды. Миландық команда тарпынан келген ұсыныстарға Снейдер  ұзақ қарсы болды. Бірақ, Моуриньомен бетпе – бет сөйлескеннен кейін Италяға көшуге келісім берді. Бұл жолғы талантты жартылайқорғаушының трансферлік құны небәрі 15 млн. евро болды. «Интер» сапында өткізген алғашқы маусымда-ақ Снейдер бірден үш чемпиондық атаққа қол жеткізді. Атап айтар болсақ: Италия чемпионы, Италия кубогінің иегері және Чемпиондар Лигасының жеңімпазы сонымен қоса турнирдің ең үздік ойыншысы атанды.

Ұлттық құрама

Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын  ол – 2003 жылы сәуір айында Португалиямен болған ойында өткізген. Ұлттық құраманы Марко ван Бастен жаттықтырғалы бері үнемі шақырту алып тұрады. 2010жылғы Әлем біріншілігіне Ван Марвейктің шақыртумен келіп, әлем мундиалында керемет ойын өрнегін көрсеткен болатын. ОАР-да өткен Әлем чемпионатында Снейдер командасымен финалға дейін жетіп, ақтық сында испандықтарға 1:0 есебімен жеіліп қалды.

Дайындаған Уалихан ҚОСАНБАЙ

Алдыңғы жаңалық
Қақпасына берік жігіт
Келесі жаңалық
How to Create an SEO-Friendly URL Structure