2009 жылдың 9 қыркүйегінде Венгрия – Португалия матчы алдында небәрі 8 жастағы бала Доминик Собослай Португалиялық ойыншы Раул Мейрелиштің қолынан ұстап алаңға шыққан еді. Сол сәтте ол өзінің кумирі Криштиану Роналдуға үш-ақ адамдық қашықтықта тұрған болатын.
Кейін Собослай бұл жайлы:
“Бұл Роналдуға ең жақын болған сәтім. Бір күні онымен одан да жақын кездесемін деп үміттенемін.” – деп еске алған еді.
Араға дәл 16 жыл салып, яғни 2025 жылдың 9 қыркүйегінде, сол арман орындалды. Собослай Венгрия құрамасының капитаны. Ол бүгін өз елінің намысын қорғап, алаңда Португалияның капитаны әрі аңыз ойыншысы Роналдуға қарсы ойнайды. 16 жылдан кейінгі орындалған арман!
Біздің серіктес: FONBET