Софьян Амрабат «ПСЖ» ойыншысы атанады

28.12.2022, 00:24


"ПСЖ" "Фиорентинаның" жартылай қорғаушысы Софьян Амрабатты қатарына қосқысы келеді. Марокколық ӘЧ өзін жақсы қырынан танытты.


Париждік клубқа ауысуда оған отандасы Ашраф Хакими көмектеседі. Ең бастысы Амрабат команда лидері Мбаппенің ақ батасын алыпты. 


Жалпы бұл футболшыға "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" кезінде қызыққан болатын. "Фиорентина" Амрабат үшін кем дегенде 30-40 млн еуро алғысы келеді.