Жарнама
Жарнама

Солтүстік Корея халқы Ағылшын Премьер Лигасын тамашалайтын болды

Алайда ол үшін ел президенті қойған талаптарды сақтану қажет екен.

Жарнама
Жарнама

Әлем бойынша ең үздік саналатын Ағылшын Премьер Лигасының тамашалайтындар саны тағы да артпақ. Жылына теледидар арқылы 20 млн-дай телекөрерменді өзіне телмірткен футбол бәсекесін алдағы уақытта Солтүстік Корея халқыда қарайтын болды. Бірақта матчтар көрсетілімі барысында мынадай талаптар сақталуы қажет:

1.Ойындар тек монтаждалған күйінде көрсетіледі;

2.Әр ойын 90 минут емес, тек 60 минуттан көрсетіледі;

3.Кез-келген ағылшын мәтіні корей иероглифтерімен жабылады;

4.Ең бастысы көрсетілім барысында экран назарына Оңтүстік Корея ойыншылары түсіп қалмауы тиіс. 

2025 жылғы маусымда Оңтүстік Корея елінен тұманды Альбион жерінде тек бір ғана футболшы өнер көрсетеді. Ол 2021 жылдан бері “Вулвз” сапында жүрген - Хван Хи Чан. Осы футболшы болған кездесулер толығымен монтаждалып, көрермен талқысына жіберілетін болады. 

Айтпақшы, бұған дейін диктаторлық елде Сон Хын Мин ойнайтын “Тоттенхэм” клубы ойындарын көрсету елде орнатылған заңға қайшы келетін. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: