Жаһанға танымал «SofaScore» аналитикалық порталы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің 8-турының аясында болған Солтүстік Македония – Қазақстан ойынының үздік футболшыларын жариялады.
Аталған кездесуде портал алаң иелеріне бір ұпай сыйлап, жеңілістен құтқарған Энис Бардиді (8,1) матчтың үздік ойыншысы деп таныпты. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында ойындары 7,8 ұпаймен бағаланған Дінмұхамед Қараман мен Мұхамеджан Сейсен тұр. Үздік үштікті Нұралы Әліп түйіндеді (7,6).
Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтың бапкерлігімен біздің команда соңғы екі матчта 4 ұпай еншіледі. Өткен аптада Лихтенштейнді 4:0-мен ұтып, кеше македониялықтармен тең тарқасты 1:1. Енді соңғы турда Бельгияны қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET