Жарнама
Жарнама

Сон Хын Мин Кореяның 2020 жылғы ең үздік ойыншысы атанды

15.12.2020, 23:46
Оңтүстік Кореядағы жыл ойыншысының есімі белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

Корея футбол ассоциациясының (КФА) шешімі бойынша “Тоттенхэм Хотспур” ойыншысы Сон Хын Мин Кореяның ең үздік ойыншысы атағына ие болды.

Бұл жүлдені Сон 2013, 2014, 2017, 2019 жылдарда да еншілеген болатын.

Сонымен қатар КФА твиттер парақашасында: “Біз Сон Хын Мин дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Капитанымыз және “Тоттенхэм” ойыншысын мақтан тұтамыз”, – деп жазды.

Сон “Тоттенхэмге” 2015 жылы леверкузендік “Байер” сапынан ауысып келген еді. Сон мен клуб арасындағы келісімшарт 2023 жылға дейін жарамды. Солтүстік лондондықтар келісімшартты 2025 жылға дейін созғысы келеді. Клуб басшылығы келіссөздер сәтті аяқталып, Оңтүстік Кореяның үздік аяқдопшысы клубта қалатынына үлкен сеніммен қарап отыр.

Сон Хын Мин ағымдағы маусымда “Тоттенхэм” сапында барлық турнирлерде 19 ойынға қатысып, 13 мәрте қақпаны дәл көздеп, 7 рет голдық пас берген. Сонымен бірге 10 голмен Англия Премьер-лигасының сұрмергендер тізімінде екінші орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров