«Тоттенхэмнің» 28 жастағы оңтүстік кореялық шабуылшысы Сон Хын Миннің голы Англия премьер-лигасының 6-турында «Бернлимен» (1:0) болған матчта командасына жеңіс әкелді. Осылайша Сон ерекше жетістікке қол жеткізді.
Gracenote порталының хабарлауынша, Сон Хын Мин - Премьер-лига тарихындағы сырт алаңда өткізілген алғашқы үш ойында 6-дан көп гол соққан алғашқы футболшы атанды. Кешегі ойындағы гол Сонның осы мусымдағы 8-ші голы болды және Премьер-Лиганың үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.
Сон Хын Мин осы маусымда «Тоттенхэм» сапында барлық турнирлерде 9 кездесуге қатысты, 10 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET