Оңтүстік Корея мен Тоттенхэм Хотспур клубының капитаны Сон Хён-Мин жалған жүктілік туралы мәлімдеме арқылы бопсалау әрекетінің құрбаны болды. Осыған байланысты ол Оңтүстік Корея полициясына ресми шағым түсірді.
2024 жылдың маусым айында 20 жастағы әйел Сон Хён-Миннен жүкті екенін айтып, ультрадыбыстық зерттеу нәтижесін жіберіп, бірнеше жүз миллион вон талап еткен. Кейінірек, 2025 жылдың наурыз айында, оның 40 жастағы күйеуі Сонның өкілдеріне хабарласып, жүктілік туралы ақпаратты жария етемін деп қорқытып, тағы 70 миллион вон талап еткен.
Сон Хён-Миннің агенттігі “Son & Football” бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, футболшының бопсалау әрекетінің құрбаны екенін және оған қарсы жалған ақпарат таратылғанын атап өтті. Олар құқықтық шаралар қабылданатынын және тергеу нәтижелері жарияланатынын хабарлады.
Біздің серіктес: FONBET