Жарнама
Жарнама

Соңғы апталарда орын алған трансферлер

«Ливерпуль» қазірдің өзінде 40 миллион жұмсап үлгерді, ал «Барселона» ойыншыларды тегін алып жатыр.
Жарнама
Жарнама

Жазғы трансферлік терезе әлі ашылған жоқ, бірақ Еуропада бірнеше маңызды трансферлер орын алды. Әзірге қымбат трансферлер жоқ, көп жағдайда ойыншылар жаңа клубтарына еркін агент ретінде қосылуда. Бүгін біз соңғы апталарда орын алған трансферлер жайлы әңгімелейтін боламыз.

Давид Алаба ("Реал Мадридке" еркін агент ретінде)

Австрия құрамасының қорғаушысы "Баварияда" 12 жылын өткізді, сол уақыт ішінде 28 кубок, соның ішінде екі мәрте Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Осы жазда Алаба келісім-шартының аяқталуына байланысты неміс "гранды" атанған клубтан кетуге мәжбүр болды. Шілдеден бастап ол бес жылдық келісім-шартқа қол қойған "Реал Мадридтің" жейдесін киеді. Журналист Фабрицио Романоның айтуынша, Алаба "корольдік клубта" жылына 12 миллион еуро алады. Transfermarkt порталы оның "Реалға" ауысуын тарихтағы ең қымбат ақысыз трансфер деп таныды. Қазір австриялық футболшы 55 миллион еуроға бағалануда.

Серхио Агуэро ("Барселонаға" еркін агент ретінде)

Аргентиналық футболшы өзінің мансабындағы он жылын "Манчестер Ситиге" арнап, клубтың ең үздік ойыншысы болды. Енді ол "қалалықтардан" еркін агент ретінде кетіп, "Барселонадағы" досы Мессиге қосылды. Испаниялық Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, Агуэро жылына 6 миллион еуро табады, бұл Ситидегі жалақысына қарағанда төрт есе аз. Сонымен қатар оның келісім-шартындағы өтемақы мөлшері 100 миллион еуроны құрайды.

Ибраима Конате ("РБ Лейпцигтен" "Ливерпульге").

Мерсисайдтық клубқа ван Дейкпен жұптасып ойнайтын сапалы қорғаушы сатып алу бақыты бұйырды. "Ливерпуль" Бундеслиганың соңғы екі маусымында түрлі жарақаттардың салдарынан жалпы 22 ойын өткізген 22 жастағы Конате үшін 40 миллион еуро берді. "РБ Лейпцигте бас бапкер болып жұмыс істеген Ральф Рангник Ибраиманың миымен көбірек ойнайтынын және алаңда дұрыс позицияны таңдауды білетіндігін атап өтті. Мүмкін, осы қасиеттерге Юрген Клопп назар аударған болар.

Эрик Гарсия ("Барселонаға" еркін агент ретінде)

Төрт жылдан кейін "Барселонаның" түлегі өз клубына еркін агент ретінде қайта оралды. "Манчестер Ситиде" Гарсия 35 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. "Қалалықтармен" бірге ол Англия чемпионы атанып, ел Суперкубогін, сондай-ақ Англия лигасының кубогін жеңіп алды. Енді Эрик "Барселонаның" бас бапкері болуды жалғастыратын Рональд Куманның жаңа командасында өнер көрсетпек. Гарсия әрдайым Пуйольді, Маскераноны және Пикені өзінің кумирлері деп атайтын, бірақ қазір олардан асып түсуге тырысады.

Мик Меньян ("Лилль" - "Милан")

"Лилль" қақпашысы өткен маусымда Франция чемпионы атанып, бас бапкер Кристоф Галтьеден үлгі алуға шешім қабылдады, сөйтіп командадан кетті. Меньян "Миланмен" бес жылдық келісім-шартқа отырды және клубтан кеткен Доннарумманың орнын басты. Журналист Джанлука Ди Марционың айтуынша, "Милан" француз қақпашысы үшін 13 + 2 миллион еуро берген, ал Миктің өзі барлық бонустарды қоса есептегенде жылына шамамен 3 миллион еуро табады.

Тео Уолкотт ("Саутгемптонға" еркін агент ретінде)

Ағылшын футболшысы өзінің туған клубына оралды, ол 16 жасында осы клубта дебют жасаған еді. Уолкотт соңғы алты ай бойы "Саутгемптонда" жалдау шарты бойынша доп тепті, ал енді "Эвертонмен" келісім-шарты аяқталғаннан кейін ол "әулиелердің" тұрақты ойыншысына айналды. Айтпақшы, жақында Тео соңғы 14 жыл бойы Премьер-лигада гол соғып келе жатқан жалғыз ойыншы атанды. "Саутгемптонмен" ол екі жылдық келісім-шартқа қол қойды, сондықтан енді өз нәтижесін жақсартуға мүмкіндігі бар.

Грегор Кобель ("Штутгарт" - "Боруссия Дортмунд")

Мамыр айының соңында швейцариялық қақпашы "Боруссия Дортмундпен" бес жылдық келісім-шартқа қол қойды. Бұл сөзсіз "аралар" сапынан Бюркидің кететінін білдіреді. Kicker басылымының хабарлауынша, дортмундтық клуб 23 жастағы Кобель үшін 15 миллион еуро төлеген. Өткен маусымда Бундеслигада Грегор бес кездесуде ғана қақпасына гол жібермеді, ал қалған 33 ойында 54 мәрте қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болды. Өкінішке орай, қақпашы ұлттық құраманың Еуро-2020-ға қатысатын соңғы өтініміне ене алмады.

Флорьян Товен ("Тигреске" еркін агент ретінде)

Франция ұлттық құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған Товен келісім-шарты аяқталғаннан кейін "Марсельден" кетті, бірақ өзіне Еуропадан емес, Мексикадан клуб тапты. ESPN L'Equipe-ке сілтеме жасай отырып, жартылай қорғаушының "Тигреспен" бес жылдық келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Айтпақшы, ол жерде 2015 жылы "Марсельден" Мексика чемпионатына ауысқан француз шабуылшысы Андре-Пьер Жиньяк та ойнайды. Сондықтан 28 жастағы Товен зерікпейтін болды, бірақ Еуропадан ерте кеткені әлі де таңқаларлық жағдай болып көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров