Жарнама
Жарнама

Соңғы ауыс-түйістер

19.07.2011, 22:15
Жарнама
Жарнама

Аладоп.кз сайты сіздерді Кәрі құрлықтағы соңғы трансферлік ауысымдармен таныстырмақ. Алдымен көршілес жатқан Ресейден бастасақ. Мәскеудің «Спартагы» өз қатарларындағы легионерлердің басым көпшілігімен қош айтысыуда. Мескеулік команданың ресми сайтының мәліметі бойынша, бүгін команданың бразилиялық ойыншысы Ибсон кеткен көрінеді.

Бұған дейін команда сапын Фатхи кеткен еді. Ендігі қоштасу клубтің хорватиялық қақпашысы Стипе Плетикосага жетіп келген сыңайлы. Лақап аты «Осьминог» атанған қақпашының бұдан әрі қайда жұмыс атқаратыны белгісіз. Десекте, соңғы кезде хорват шотландиялық «Селтиктің» қатарында оқу-жаттыу жиындарын өткізіп келгені белгілі. Мумкін Стипе өзінің сүйікті қақпа өорғау ісі шотландияда жалғастырар? Футбол базарының қақ ортасы болып саналатын «Туманды альбиноға» көшсек.

Бүгінгі күннің басты жаңалығы деп Шей Гивеннің «Астон Вилламен» 5 жылдық келісім-шарқа қол қойғанын айтуға болады. Сонымен қатар лондондық «Арсеналдың» өз қатарларына «Лилльдің» орталық шабуылшысы Жервиньомен толық-қанды келісім-шарқа отырғандығы белгілі болды. «Арсенал» тарапынан тағы бір жаналық; лондондық командадан уақытша бразилиялық жартылайқорғаушы Денилсон кетті. Келесі маусымды ол кәсіпқой футбол ғұмырын бастаған бразилиялық «Сан-Паулу» сапында өткізбек.

Бірер ауыз италялық командалар туралы айтып өтсек. Италияның ең беделді дереккөздердің айтуынша, биылғы маусым аралық үзілісте «Миланның» иелерінің басты мақсаты, «Бавария» мен Германия құрамасының бүгінгі таңдағы ең мықты ойыншысы Бастиан Швайнштайгерді команда сапына қосып алу. Бірақ, бұл ауысым «россенери» басшылары үшін аз ақшаға түспесі айдан анық. Тағы бір Италияның алпауыты туриндік «Ювентус» «Юайер» командасының чилилік ойыншысы Артуро Видальмен келісім-сөздер жүогізіп жатыр-мыс.

Испанияның жоғарғы дивизионына оралған «Бетис» командасы да өз қатарларын күшейтуде. Бүгін олар «Уиганның» орталық қорғаушысы Антонио Амайямен 3 жылдық келісім-шарқа қол қойды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Жаңа «Алтын доп»
Келесі жаңалық
"Тобыл" сүрінді