Жарнама
Жарнама

Соңғы он минутта қақпасына қос бірдей гол жіберген «Қайрат» «Карабахтан» жеңіліп қалды

22.10.2021, 05:40
Алматылық клуб 79-минутқа дейін осы маусымдағы ең керемет ойынын өткізді
Жарнама
Жарнама

Алмытылық "Қайрат" Конференция лигасының үшінші турында "Карабахпен" кездесті. Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы Олимпиадалық стадионда өткен матч 2:1 есебімен әзірбайжандық клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның 19-минутында "Қайрат" шабуылшысы Хосе Канте пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Бірақ 70-минутта алаңға шыққан Рамиль Шейдаев тоғыз минуттан кейін таразы басын теңестіріп кетті, ал 91-минутта Аббас Гусейнов жеңісті голдың авторы атынды.

"Карабах" бұл жеңістен кейін 7 ұпаймен Н тобында көш бастады. Құрбан Бердыев шәкірттері бір ұпаймен үшінші орында қала берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров