Соңғы онжылдықта трансферге ең көп қаржы жұмсаған бапкерлер

Армандағы құрамды жасақтау қанша тұрады?

ХХІ ғасырдың екінші онжылдығы - бұл өте қымбат трансферлер дәуірі болып есептеледі. Жұлдызды ойыншылар үшін ақылға сыймайтын ақша төленді. Оның үстіне, үздік жаттықтырушылар тек үздік ойыншыларды сатып алады. Біз соңғы 10 жыл ішінде трансфер шығындары бойынша ең көп қаржы жұмсаған жеті бапкерді жинап көрдік (барлық деректер - transfermarkt.ru сайтынан алынды).

Эрнесто Вальверде, 808,26 миллион еуро


Біздің кестенің шымылдығын Вальверде ашып отыр, ол "Барселонада" өткізген екі жарым жыл ішінде үш ірі мәміле жасады. 2017 жылдың тамызында Усман Дембеле (138 миллион еуро), 2018 жылдың қаңтарында - Филиппе Коутиньо (145 миллион еуро), ал 2019 жылдың шілдесінде - Антуан Гризманн (120 миллион еуро) Каталониялық клуб құрамын толықтырды. Соңғы он жыл ішінде бұл бапкер 36 ойыншы сатып алды, оның 33-ін жалпы сомасы 405,26 миллион еуроға сатып алды (әр трансфер үшін орта есеппен 12,28 миллион еуро). Осы уақыт ішінде Эрнесто «Барселонамен» төрт, «Олимпиакоспен» үш және «Атлетикпен» бір кубок жеңіп алды.

Антонио Конте, 855,2 миллион еуро.


Италиялық бапкер Эрнесто Вальвердеге қарағанда көп ақша жұмсап қана қоймай, екі есе көп ойыншы сатып алды (73). Контеде 40 миллион еуродан қымбатқа сатып алынған екі ғана ойыншы бар - Мората (66 миллион еуро) және Лукаку (74 миллион еуро). Италиялық бапкер «Ювентуспен» бес, «Челсимен» екі кубок жеңіп алды (Чемпионат және Англия кубогы). «Интермен» Еуропа лигасында топ жаруға жақын болды, бірақ финалдық ойында сүрінді.

Карло Анчелотти, 969 миллион евро


Анчелотти бар-жоғы 10 жыл ішінде 44 ойыншыға қол жеткізді. Анчелотти сатып алған ойыншылардың бағасы шамамен - 25-40 миллион еуроның төңірегі болды. Маман ең қымбат ойыншыларды да сатып алудан тайынбады: Гарет Бэйл (101 миллион еуро), Хамес Родригес (75 миллион еуро), Фернандо Торрес (58,5 миллион еуро). Карло тек "Наполиде" сәтті трансфер жасай алмады. Италиялық бапкер «Челси», «ПСЖ», «Реал» және «Бавариямен» кем дегенде бір кубоктан жеңіп алды.

Диего Симеоне, 981,83 миллион еуро.


Аргентиналық маман 2011 жылдан бері «Атлетико Мадридті» баптап келеді, сондықтан Диего барлық трансферді (979,06 миллион еуро) Мадридтік клубта жасады. Симеоне 57 ойыншы сатып алыпты, бірақ біреуі ғана 100 миллион еуродан асады - Жоау Феликс (126 миллион еуро). «Матрасшылардың» бас бапкері Испаниядағы барлық мүмкін болған трофейлерді жинады, бірақ кәрі құрлықтың басты жүлдесі - Чемпиондар лигасының кубогы оған әлі бағынған жоқ.

Массимилиано Аллегри, 1,03 миллиард еуро


Аллегри - ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында құрамды нығайтуға ең көп қаржы жұмсаған үшінші бапкер. Италиялық маман сатып алынған ойыншылар саны бойынша да көшбасшы (84). Аллегри үшін ең үлкен трансфер «Ювентус» клубында болды: Роналду (117 миллион еуро) және Игуаин (90 миллион еуро). "Миланда" сатып алған ең қымбат ойыншысы Ибрагимович болды, ол "Барселонадан" 24 миллион еуроға ауысып келген болатын. Аллегри де Симеоне сияқты Чемпиондар лигасын жеңе алмады, бірақ «Ювентуспен» 11, «Миланмен» 2 кубоктың иегері атанды.

Жозе Моуриньо, 1,07 миллиард еуро


Моуриньо жасаған ең қымбат бес трансфер "Манчестер Юнайтедте" болды: Погба (105 миллион еуро), Лукаку (84,7 миллион еуро), Фред (59 миллион еуро), Матич (44,7 миллион еуро), Мхитарян (42 миллион еуро). Бірақ қымбат трансферлер жасағанымен, Жозе "Манчестер Юнайтедте" маңызды жүлделерге қол жеткізе алмады. Моуриньо "қызыл сойқандармен" тек Англия суперкубогын, Лига кубогын және Еуропа лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ, португалиялық маман «Челсимен» екі, «Реалмен» үш кубоктың иегері атанды.

Хосеп Гвардиола, 1,12 миллиард еуро


«Манчестер Ситиде» төрт жыл бойы Гвардиола жаңадан келген футболшылар үшін 781,41 миллион еуро жұмсаған, бірақ 100 миллион еуродан артық бірде-бір сатып алу жасамаған. Гвардиола сатып алған ойыншылардың ішіндегі ең қымбаты - Родри (70 миллион еуро), одан бөлек, Пеп "Ситиде" жалпы құны 295,8 миллион еуро тұратын бес қорғаушы сатып алды. Гвардиолада алған ойыншыларына сай трофейлер де жеткілікті. 2010/2011 маусымынан бастап «Барселона» мен «Баварияда» жеті кубоктан, ал «Манчестер Ситиде» сегіз кубок жеңіп алды.