Жарнама
Жарнама

Сонымен Максим Самородов «Спартак» жейдесін киетін болды ма? Футболшы трансфердің мән-жайы жайлы айтты

Бүгін, 12:01

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» намысын қорғайтын Максим Самородов «Спартакқа» байланысты қауесеттерге нүкте қойды.

Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік,  ресейлік БАҚ 23 жастағы жартылай қорғаушының «Спартакқа» ауысуы мүмкін екенін жазған болатын.

«Спартак» па? Шынымды айтсам, хабарым жоқ», – деді М. Самородов «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.

Максим Самородов «Ақтөбе» түлегі. «Ахматқа» былтыр жазда ауысып, екінші маусым өнер көрсетуде. Бірінші маусымында грозныйлықтар жейдесінде Ресей премьер-лигасы аясындағы турнирде 24 матчқа қатысып, 6 гол мен 4 ассист тіркеген. Биыл 17 кездесуде 2 нәтижелі соққы мен 1 голдық пастың авторы болды. Футболшының нарықтық бағасы 2,50 млн еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров