Жарнама
Жарнама

“Сөзбен емес, іспен дәлелде!” “Реал Мадридтіктер” Ламин Ямалға шүйлікті

27.10.2025, 13:00

Мадридте өткен кезекті Эль Класикода "Реал Мадрид" "Барселонаны" 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алайда матчтың басты тақырыбы алаң иелерінің жеңісі емес, Ламин Ямалдың айналасындағы айқай-шулы сәттер болды.

Жарнама
Жарнама

Жас вундеркинд матчқа дейін-ақ назар ортасында еді. Испанияның беделді басылымына берген сұхбатында ол:

"Олар (Мадридтіктер) әрқашан шағым айтып, әділетсіздік іздейді.” – деген болатын.

Бұл мәлімдеме "Реал" жанкүйерлері мен ойыншыларының ашуын туғызған. Матч соңында Винисиус Жуниор Ямалға ашық түрде тиісіп:

"Айта бер енді… Сен болсаң, тек артқа, қорғаушыға ғана пас бересің ғой." – деп кекеткен.

Дани Карвахаль болса одан да өткір ишара жасап, аузын қимылдатып "тым көп сөйлейсің, енді ісіңмен көрсет” деген мағынада Ямалды мазақ еткен.

Бұған дейін де Ламин жанкүйерлердің жүйкесіне тиген еді. Матч алдындағы күні ол әлеуметтік желіге "Реал” жанкүйерлерін ашуландырған сурет жариялап, гол соққаннан кейінгі қуанышын Мадридисталардың алдында көрсетіп тұрған сәтін бөліскен.

"Реал” қорғаушысы Альваро Каррерас матчтан кейін:

"Ламинді тоқтату үшін аса бір күш салудың қажеті болған жоқ. Біздің жаттығуда одан да мықты ойыншылар бар.” – деп жауап қатты.

Сол сияқты Джуд Беллингем де қысқа ғана пікір айтып, мәнді түйін жасады:

"Сөздің еш маңызы жоқ. Әркім өз сөзін алаңда іспен айтуы керек." – деді ол.

Бұл жеңістен кейін "Реал Мадрид" 10 турдан соң 9 жеңіспен (27 ұпай) Ла Лига көшін бастап келеді. Ал "Барселона” 22 ұпаймен екінші орында қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров