Лучиано Спаллеттидің "Ювентус" бас бапкері ретіндегі алғашқы кездесуі сәтті өтті — Туриндік команда сырт алаңда "Кремонезені" 2:1 есебімен жеңіп, соңғы алты аптадағы алғашқы қатарынан екінші жеңісін тіркеді. Ал "Кремонезе" үшін бұл — маусымдағы небәрі екінші жеңіліс болды.
Ойынның басы "Ювентус” үшін тамаша өрбіді. Костич матчтың небәрі 85-секундында-ақ қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бұл — 2004/05 маусымнан бері "Ювентус" ойыншылары соққан ең жылдам сырт алаңдағы екінші гол. Бұған дейінгі рекордты 2008 жылы "Аталантаға" қарсы ойында Никола Легроталье орнатқан еді (46 секунд).
Көп ұзамай Камбиасо есепті еселеп, команданың басымдығын арттырды. 2000 жылы туған бұл жас қорғаушы соңғы үш маусымда Серия A-да кемі бес гол және бес нәтижелі пас тіркеген ең жас ойыншы болып отыр.
Алаң иелерінің бір голын Джэйми Варди 83-минутта соқты. Бұл оның жаңа командасы үшінгі 2-ші голы.
Осылайша “Ювентус” биылғы А сериясындағы 5-ші жеңісіне қол жеткізді. Олар әзірге 18 ұпаймен турнир кестесінде 5-ші орында келеді. Ал "Кремонезеде” 3 жеңіс, 5 тең ойын, 2 жеңіліс, 14 ұпаймен 9-орында.
Біздің серіктес: FONBET