Италия чемпионатының 12-турында "Ювентус" пен "Фиорентина" командалары 1:1 есебімен тең ойнады. Осы нәтиже бойынша "Ювентустың" бас бапкері Лучано Спаллетти өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Бірінші таймда артық қателіктерге жол бердік. Біз өз деңгейімізді көтеруіміз қажет және шабуылда әлдеқайда жақсы ойнауымыз керек. "Ювентустың" биылғы маусымдағы басты мақсаты – Скудетто үшін күрес", - деді Спаллетти.
12 турдан кейін Туриннің командасы 20 ұпай жинап, А Сериясының турнирлік кестесінде алтыншы орында, көшбасшы "Наполиден" бес ұпайға артта келеді.
Біздің серіктес: FONBET