Жарнама
Жарнама

«Спарта» - «Ақтөбе» жанкүйерлерінің онлайн текетіресі

31.07.2025, 19:44

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Спарта» - «Ақтөбе» арасындағы жауапты кездесуінің басталуына санаулы сағаттар қалды. Алғашқы матчта жеңіске жеткен ақтөбеліктер жауапты матчқа тыңғылықты түрде дайындалуда. Тіпті, қарсыластарының әлеуметтік желісіндегі парақшаларының пікір бөліміне жарыса пікір жазып, ақпараттық шабуылға кірісті.

«Спарта» - «Ақтөбе»
Жарнама
Жарнама

Парақшадағы пікірлерді оқып біту мүмкін емес. Сол үшін прагалықтар Instagram-парақшасындағы соңғы жазбаларына пікір жазғызбай жатыр. Қазақ халқы пікір жазудан алдына жан салмайтыны соншалықты, жанкүйерлер чех, ағылшын, орыс, қазақ тілінде де пікірлерді тоқтатпай жазуда.

Қазақстандық жанкүйерлер: «Ақтөбе!», «Спарта жеңіледі», «Спарта 1:3 Ақтөбе», «Тек қана жеңіс! Алға, Ақтөбе!», «Жеңілесіңдер!», «Ақтөбе ФК ойынды жеңуге тырысады, Конференция лигасымен қоштасуға дайындала беріңдер», «Қорқынышты түстерің келді! Алға, Ақтөбе!» деген секілді пікірлерді тоқтатпай жазуда.

Ал, «Спарта» жанкүйерлері болса: «Камбэк», «Жігіттер, бұл прогресс болуы керек», «темпераменттері түріктердікі сияқты екенін байқадым», «тым болмаса 2:0 есебімен жеңейік», «ең жаманы матч емес, қазақтардан келген спам», «бұл жолы «Спарта» төрешіден қандай көмек алады екен?», – деп, жауап қайтаруда.

«UFC» тілінде айтатын болсақ, стэрдаун жасалды, қалған нәтиже жасыл алаңда шешіледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: